×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын баспана үшін қолдануды жалғастырып жатыр

07.10.2024, 23:10
Қазақстандықтар зейнетақы жинағын баспана үшін қолдануды жалғастырып жатыр
Әлеуметтік желіден

Зейнетақыны ипотекаға жұмсау арқылы қазақстандықтар жинақтарын баспанаға пайдалануды жалғастыруда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, қыркүйек айында тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын біржолғы төлеуге 39,1 мың өтініш беріліп, жалпы сомасы 37,1 миллиард теңгені құрады.

Сарапшылардың пікірінше, өтініштер саны шілдедегі толқудан бастап үш ай бойы тұрақты деңгейде сақталып келеді. Бір айда берілген өтініштердің шамамен 85%-ы не белгілі бір ипотеканы ішінара өтеуге, не тұрғын үй жинақтарын толықтыруға арналған.

«Егер өтініштер санының шартты нормасын бірінші жартыжылдықтың орташа көрсеткішімен салыстырсақ, қазір көрсеткіш бұл "нормадан" екі есе жоғары», – деп атап өтті сарапшылар.

Бұл ретте алынған сомма шілде айындағы 45,1 млрд теңгемен салыстырғанда айтарлықтай азайды, дегенмен ол бірінші жартыжылдықтағы орташа айлық мәннен 88%-ға жоғары болды.