Ақмола облысы Ерейментау ауданының мұғалімдері жалақыларын уақытында ала алмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақмола облысы прокуратурасының іске араласуынан соң ғана берешек өтілген.
Ерейментау ауданы прокурорының Үленті ауылдық округіне барғандағы жеке қабылдауында мектеп директорының орынбасары мұғалімдерге жалақы төлеуді кешіктіру мәселесі бойынша шағымын айтқан.
Аудан прокуроры жедел шаралар қабылдап, келесі күні жалпы сомасы 8 млн теңгегеден аса жалақы бойынша берешек өтелді.
Айта кетейік, сынып жетекшілерінің айлығына үш есе үстемақы қашан қосылатыны белгілі болған еді.
Сондай-ақ Жетісу облысында білім бөлімінің бухгалтерлері 34 млн теңге жымқырғанын жазған болатынбыз.