×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Өндірістегі 6 адамның өлімі: Кәсіпорын басшысы қайтыс болғандар туралы білмейді

08.10.2024, 15:42
Өндірістегі 6 адамның өлімі: Кәсіпорын басшысы қайтыс болғандар туралы білмейді
ашық дереккөз

Балқашта шахтерлер мен Рудныйда жұмысшылардың қаза болуына байланысты жаңа мәліметтер шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды және Қостанай облыстары бойынша аумақтық департаменттері өңірлерде болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеу үшін арнайы комиссия құрған. Тергеу нәтижесінде қайғылы оқиғалардың мән-жайлары мен себептері анықталады.

«САЯҚТАҒЫ» ЖАҒДАЙ

5 қазан күні сағат 19.30-да "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС "Саяқ" кенішінің аумағында – "Балқашцветмет" ӨБ тау-кен шебері Д. Игембаев, бұрғылаушы О. Зекей және бұрғылаушының көмекшісі М. Тұрыспаев белгісіз газға уланған. Жазатайым оқиға салдарынан Игембаев пен Тұрысбаев қаза тауып, Зекей Балқаштағы қалалық ауруханаға жіберілген.

Жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін тексеру үшін Қарағанды облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторының төрағалығымен комиссия құрылған.

РУДНЫЙДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Тағы бір қайғылы оқиға 6 қазанда Рудныйда болды. "Imperial Agro Group" ЖШС жалға алған диірмен кешенінің аумағында №5 ұн бункерінен 1987 ж. т. Е. Бошықовтың, 1994 ж. т. А. Өтегеновтің және 1978 ж. т. Д. Калауовтың, 1976 ж. т. С. Шәкіртаевтың денесі табылды.

"Imperial Agro Group" ЖШС басшысының ақпараты бойынша Бошықов іске қосу-реттеу жұмыстары бойынша технолог ретінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызмет көрсететін. ЖШС директоры басқа қаза тапқандарды білмейді, бұл адамдармен еңбек қатынастары жоқ, – делінген Еңбек министрлігінің хабарламасында.

КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ

Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және қаза тапқандармен еңбек қатынастарының болуын немесе болмауын анықтау үшін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті комиссия құрды.