×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АҚШ грин-карты. 155 мыңнан астам қазақстандық өтініш берген

08.10.2024, 17:20
АҚШ грин-карты. 155 мыңнан астам қазақстандық өтініш берген
ашық дереккөз

АҚШ елге келіп, тұрақты тұруға және жұмыс істеуге мүмкіндік беретін «грин карта» лотереясына өтініш қабылдап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Жыл сайын бұл лотереяға әлемнен 20 миллионнан аса адам өтініш тапсырады. Солардың ішінде 50-55 мың адам грин-карта ұтады. Грин-карта он жылға беріледі, бес жылдан соң АҚШ азаматтығын алуға болады – деп хабарлады Азаттықтың инстаграм парақшасында.

Ол жерде лотереяға тапсырғандар мен олардың отбасы мүшелері бірге есептелген статистика да берілген. Онда ең көп өтініш берген Өзбекстан азаматтары (833 мыңға жуық), екінші орында Ресей (533 мыңнан астам), үшінші орында Украина (426 мыңанан астам) азаматтары тұр. Ал Қазақстаннан АҚШ-қа кеткісі келетіндер саны – 155 204 адам.

Карта 10 жыл мерзімге беріледі. Алайда оны алғаннан 5 жылдан кейін АҚШ азаматтығына да тапсыруға болады.

ШЕКТЕУЛЕР

Бір сөзбен айтқанда жасыл куәлік америкалықтарға заңмен берілген барлық игілікті көруге құқық береді. Тек бірқатар шектеулер бар:

  • Дауыс беруге;
  • Мемлекеттік медициналық көмек алуға;
  • Мемлекеттік қызмет істеуге болмайды.

ТАЛАПТАР

Жасыл карта лотореясы жыл сайын ойнатылады. Жыл сайын бұл ұтысқа әлемнің әр түкпірінен миллиондаған адам қатысып, бақ сынайды. Алайда шамамен 100 мың адам ғана ұтысқа ие болады. Өтініштер бірнеше талап бойынша қабылданады. Атап айтқанда:

  • Орта білімнің болуы; 
  • Денсаулықтың жақсы болуы;
  • Қылмыс жасамаған болу керек.  

Өтінішті дұрыс толтырып, сапалы сурет ұсынған адамның ұтысқа ие болу мүмкіндігі жоғары. Содан соң үміткер сұхбатқа шақырылады. Нәтижесінде 40-50 мың адам визаға ие болады.