×
484.37
531.06
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.37
531.06
5.05

Бір күнде Ақмола облысының 6 ауданында өрт шықты

Бүгін, 20:05
Бір күнде Ақмола облысының 6 ауданында өрт шықты
ҚР ТЖМ телеграмм арнасынан

ТЖМ құтқарушылары бір күнде Ақмола облысының алты ауданында табиғи өртті сөндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӨРТ ҚАЙ АУДАНДАРДА ШЫҚТЫ

Бір тәулік ішінде Ақкөл, Зеренді, Шортанды, Есіл, Астрахан және Атбасар аудандарында құрғақ шөп пен қамыс өртенген. Өрттің жалпы ауданы 33 га болды. 

ТЖ Департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, ерікті өрт сөндіру құралымдарының және «Қазавиаорманқорғау» бірлескен күштері мен құралдарын  6 аудандағы өртті сөндірген.

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БАР МА?

Зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ елді мекендерге қауіп болған жоқ.

ӨРТ НЕДЕН ШЫҚТЫ?

Барлық фактілер бойынша халықтың отпен абайсыз пайдалануы себеп болды, атап айтқанда: төмен калориялы тұтану көзі, яғни сіріңке немесе сөндірілмеген темекі.