Астананың Байқоңыр ауданы Ғабдуллин көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйдегі өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаның мән-жайын хабарлады.
Өрт толығымен 22:49-де сөндірілген.
Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің ауданы анықталып жатыр.
Министрлік сондай-ақ Қостанай облысы Арқалық қаласында бес қабатты тұрғын үйлердің бірінші қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шыққанын хабарлады.
Түн ортасында түтін аймағынан 13 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланған. Өрттің себебі – электр велосипед аккумуляторының қысқа тұйықталуы екені анықталды. Өрт өздігінен сөніп, бөлме түтіннен желдетіп тазартылды. Зардап шеккендер жоқ.
Еске салсақ, Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылынан 15 шақырым жерде алдын ала болжам бойынша 5000 га алаңда құрғақ шөп өртенген еді.
Сондай-ақ бір күнде Ақмола облысының 6 ауданында өрт шықты.