×
486.44
534.31
5.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.44
534.31
5.06

АҚШ-қа 100 жылдағы ең жойқын дауыл келе жатыр. Байден ресми сапарын кейінге қалдырды

Бүгін, 10:41
АҚШ-қа 100 жылдағы ең жойқын дауыл келе жатыр. Байден ресми сапарын кейінге қалдырды
AFP

АҚШ-тың Флорида штатына "Милтон" дауылы келе жатыр. Бұл елдің соңғы 100 жылдық тарихындағы ең алапат дауыл болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КАТАСТРОФАЛЫҚ САЛДАР

ВВС дерегінше, дауылға байланысты президент Джо Байден Германия мен Анголаға сапарын кейінге қалдырған.

“Милтон” дауылының траекториясы мен күшін ескеріп, президент Германия мен Анголаға жоспарлаған сапарынан бас тартып, дауылға дайындықты бақылайды” деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер.

Байденнің өзі жағдайды  “өмір мен өлім” мәселесі ретінде сипаттап, “Құдай бұл апаттан сақтаса екен, бірақ қазіргі жағдайда олай болмай тұр” деп мәлімдеді.

Дауыл соңғы күндері қауіптің 5 категориясына дейін күшейіп, шығысқа қарай сағатына 14,5 км жылдамдықпен қозғалып келе жатыр. Мамандар дауыл Флоридаға катастрофалық салдар әкелетінін айтуда.

Метеорологтар дауыл штат жағалауына бүгін, 9 қазан күні жетеді деп болжайды.

“ХЕЛЕН”

“Милтон” АҚШ-ты әуре сарсаңға салғалы тұрған соңғы екі аптадағы екінші дауыл.

Бұған дейін АҚШ-тың оңтүстік-шығысында болған Хелен дауылы 90-нан астам адамның өмірін қиған. 26 қыркүйекте басталған дауыл жолдар мен көпірлерді қиратып, миллиондаған адамды электр қуатынсыз қалдырған. Сонымен қатар Флоридадан Вирджинияға дейінгі аумақтарды су басып қалған.

Жергілікті және мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша дауылдан 93 адам қаза тапқан. Шығын сомасы 15 миллиардтан 100 миллиард долларға дейін деп болжанып отыр. Табиғи апат салдарынан сумен жабдықтау, байланыс жүйелері мен маңызды көлік маршруттары қатты зардап шеккен. Оларды қалпына келтіру бірнеше айға созылуы мүмкін.