×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Көлік холдингінің иесі, Bilim Media Group пен inDrive басшысы: Елдің ықпалды бизнесмендерінің тізімі жаңарды

Көлік холдингінің иесі, Bilim Media Group пен inDrive басшысы: Елдің ықпалды бизнесмендерінің тізімі жаңарды
Коллаж: Ulysmedia

Forbes Kazakhstan журналының жаңа қазан айындағы санында ең ықпалды қазақстандық бизнесмендердің рейтингі жарияланды. Тізімде қандай өзгерістер болды? Кім рейтингке алғаш рет кірді, кімнің позициясы төмендеді және кімнің ықпалы күшейе түсті? Төмендегі материалдан біле аласыздар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТІЗІМГЕ ЖАҢАДАН КІРГЕНДЕР

Ең ықпалдылар рейтингінде алғаш рет кәсіпкер Марат Жұманның есімі пайда болды. Оның 30 елде жұмыс істейтін Atasu Group көлік-логистикалық холдингі 2023 жылы Қытайдың Shandon Port Group ең ірі порт компаниясымен серіктестік орнатты. 2024 жылғы рейтингте Жұман 46-орында.

Марат Жұманнан төменде – 50-қатарда Bilim Media Group негізін қалаушы Рауан Кенжеханұлы тұр. Оның мансабы білім беру саласына бастау алады. Оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы, қазақтілді Wikipedia және Online Mektep білім беру платформасы Кенжеханұлының рейтингке енуін қамтамасыз етті.

inDrive негізін қалаушы Арсен Томский 16-орынға көтерілді. InDrive мобильді қосымшасы 46 елдің 779 қаласында жұмыс істейді.

Томский 2023 жылдың желтоқсанында Қазақстан азаматтығын алған. Бұрынғы Ресей азаматынының байлығы 2024 жылдың мамырында 920 миллион долларға бағаланып, ең бай қазақстандықтар рейтингінде 10-орынды иеленді.

Томский – 50 жаста, Жұман – 48 жаста, Кенжеханұлы – 45 жаста.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ТОП-25: Қазақстандағы ең ықпалды әйелдер рейтингі шықты

РЕЙТИНГКЕ ОРАЛҒАНДАР

Lancaster Group компаниясының иесі Гауһар Қаппарова рейтингке оралды. Ал Құлыбаевтардың серіктесі Раушан Сағдиева рейтингтен түсіп қалды. Сағдиева 2023 жылы 47-орында болды, Қаппарова 2024 жылы 41-орында. 

Тізімнен шығып, қайта оралғандар арасында Nomad Life және Nomad Insurance акционері Алмас Мыңбаев, "Алтыналмас", "Қазақалтын" басшысы Владимир Жұманбаев, "инженер-энергетик" Сергей Кан және Kaspi.kz акционері және басшысы Михаил Ломтадзе бар. Ломтадзе 6-орында.

РЕЙТИНГТЕ КІМДЕРДІҢ ОРЫНДАРЫ АУЫСТЫ

Qarmet компаниясының иесі Андрей Лаврентьев 26-орыннан 9-орынға бір-ақ “секірді”.

Шухрат Ибрагимов 11-орыннан 7-орынға көтерілді. Аграрлық бизнесмендер Серік Толықпаев пен Иван Сауэр де рейтингте жоғарылады.

Алайда Тимур Құлыбаев 3-орыннан 8-ге түсті. “Базис-А құрылыс” корпорациясының негізін қалаушы Александр Белович 9-орыннан 14-орынға төмендеді. Жанар-жағармай құю стансалары желілерінің иесі Данияр Әбілғазин де алты қатарға түсіп қалды.

Forbes Kazakhstan журналының мәліметінше, Серікжан Сейітжанов, Сайдулла Қожабаев және Александр Клебановтың да ықпалы айтарлықтай төмендеген.

Болат Өтемұратов 2-орыннан 3-орынға түсті. Үздік бестікті жапқан Тимур Турлов пен Нұрлан Смағұлов сәйкесінше 5 және 7-қатардан жоғары көтерілді.

Ал KAZ Minerals басшысы Владимир Ким рейтингте көш бастап тұр. Ол Kaspi.kz-тегі Вячеслав Кимді алмастырған.