×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қарағанды облысындағы өрт толық сөндірілгені хабарланды

09.10.2024, 12:45
Қарағанды облысындағы өрт толық сөндірілгені хабарланды
Фото: ТЖМ

Қарағанды облысындағы бірнеше күн бойы жанған дала өрті сөндірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚИЫНДЫҚТАР

ТЖМ Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өрт сөндіру жұмыстарын қиындатқанын мәлімдеді. Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізілген. Бүгін аэровизуалды барлау жүргізу барысында жаңа өрт ошақтары байқалмаған. Табиғи өрттің ауқымдылығына байланысты елді мекендер мен орманшылықтарды қорғау, өртті жою бойынша жедел шаралар қабылдау үшін ҚР ІІМ ТЖМ, ЖАО, Қорғанысмині, ҰҰ қосымша күштері жіберілген.

НӘТИЖЕСІ

Өртті сөндіру кезіндегі іс-қимылдарды үйлестірудің арқасында 7 елді мекенді (Қоянды ауылы, Теректі ауылы, Айыр, Қызылшілік, Шөптікөл, Атантай, Қолбасы бөлімшелері) және 11 шаруа қожалығын қорғауға мүмкіндік туды, онда 1,5 мыңға жуық адам тұрады және 33 мыңнан астам мал басы бар. Сонымен қатар Егіндібұлақ ауылы ауданындағы Кувский шаруашылығының орман қоры аумағын оттың таралуынан қорғады.

ЖҰМЫЛДЫРЫЛҒАН КҮШТЕР

Өртті жоюға ТЖД, ПД, ТЖМ әскери бөлімдерінің, Орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша Кувский шаруашылығының, «Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық» КММ, Қарағанды мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күштері мен құралдарынан жалпы саны 609 адам және 93 бірлік техника, 3 ҰҰА, ҚР ТЖМ, ІІМ ҰҰ, Қорғаныс министрлігінің 5 әуе кемесі жұмылдырылды.

Кеше ТЖМ Павлодар облысындағы өрт сөндіріліп, Қарағандыдағы өрт оқшауланғанын хабарлаған.

ҚҰТҚАРУШЫ ҚАЗА ТАПТЫ

Қарағанды облысындағы дала өртінде бір құтқарушы қаза тауып, үш құтқарушы ауруханаға түскен болатын. Осыған байланысты ТЖМ мәлімдеме жасады.

2023 жылдың маусымында Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында» орман өртеніп, өрт сөндіре жұмсытары кезінде 14 ораншы қаза тапқан. Биыл мамырда өртке кінәлілер сотталған.

Семейдегі өрт орман шаруашылығы саласындағы біраз мәселенің бетін ашқан. Осы жағдайдан кейін үкімет орманшылардың жалақысын арттыруға уәде берген. Алайда айтылған сөз сол жерде қалған.