Светлана Жолманова аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жолманованы ұстау фактісін Алматы полиция департаменті растады.
Медеу аудандық полиция Басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын. Тінту кезінде судьяның кабинетінен 10 мың доллар тәркіленген. ОЛ бұл ақшаны ипотека рәсімдеу үшін жинағанын айтқан.Келесі жылы Жоламанова қылмыстық іс тоқтатылғанын айтып, қызметін қалпына келтіруге тырысқан. Бірақ 2023 жылдың 12 мамырында ол ресми түрде жұмыстан шығарылды. Енді мәне, іс қайта жанданып жатыр.