×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

286% үстемақы. Жеткізуші Павлодардағы балабақшаларға азық-түлікті қымбат бағада сатып келген

10.10.2024, 10:07
286% үстемақы. Жеткізуші Павлодардағы балабақшаларға азық-түлікті қымбат бағада сатып келген
Көрнекі сурет

Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облысының мектепке дейінгі мекемелерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер бағасын негізсіз қымбаттату фактілерінің жолын кескенін мәлімдеді. Жүргізілген мониторинг барысында жеке компания өңірдегі 158 мектепке дейінгі мекеменің 108-нің негізгі жеткізуші болғаны анықталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жеке компания бала-бақшалармен жасалған шарттарда өндіруші зауытынан алған бағадан кейде 286%-ға дейін айырмашылық байқалған.

Атап айтқанда:

күнбағыс майы – 286% үстемақымен (453 тг/л-ден 1300 тг/л дейін),

қарақұмық жармасы – 150% (240 тг/кг-нан 600 тг/кг дейін),

қант – 93% (325 тг/кг-нан 630 тг/кг дейін),

тауық жұмыртқасы – 79% (430 тг/онд-тан 770 тг/онд дейін),

тұз – 66% (60 тг/кг-нан 100 тг/кг дейін),

күріш – 36% (490 тг/кг-нан 670 тг/кг дейін),

сары май – 22% (2075 тг/кг-нан 2550 тг/кг дейін).

Агенттік қабылдаған шаралардың нәтижесінде жеке компания әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын жеткізді

“Жеткізушімен жасалған шарттар күшін жойды. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерде ӘМАТ жеткізу шарттары қайта қаралып, жаңа келісім-шарттар жасасу мәселесі қаралуда. Осылайша үнемделген қаражат сомасы 30 млн теңгеден асты” делінген агенттік хабарламасында.