×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

Баянауыл паркі жыл сайын 230 млн теңгеден қағылып жатыр

10.10.2024, 11:59
Баянауыл паркі жыл сайын 230 млн теңгеден қағылып жатыр
Фото: Павлодар облысының прокуратурасы

Павлодар облысының прокуратурасы Баянауыл ұлттық паркінде көптеген заң бұзушылықтар анықтаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Баянауыл ұлттық паркінде прокурорлық тексеріс барысында жерді өз бетінше басып алу, заңсыз құрылыс салу және конкурссыз учаскелер беру фактілері анықталған.

Қазіргі уақытта қадағалау актісі бойынша жерді босату және өз бетінше салынған ғимараттарды бұзу бойынша шаралар қабылдануда (ауданы 1,9 га 4 объектіні бұзу арқылы 4 учаске босатылды).

НЕ ЖАСАЛЫП ЖАТЫР

“Прокурордың наразылығы бойынша Орман шаруашылығы комитеті туробъектілерді орналастыруға орын бергені үшін тарифтерді бекіту бойынша жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі таңда 70-ке жуық демалыс үйлері, кафелер мен мейрамханалар жалға алынған жер учаскелері үшін төлемнен босатылды.

Сол себепті Баянауыл ұлттық паркі жыл сайын шамамен 230 млн теңге шығынға ұшырайды, бұл табиғатты қорғау іс-шараларына, қызметкерлердің ақшалай үлесіне және т.б. бағытталуы мүмкін еді” делінген прокуратура хабарламасында.