×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Елде айына жылжымайтын мүлік сатып алу бойынша 40 мыңға тарта келісім жасалады

10.10.2024, 13:12
Елде айына жылжымайтын мүлік сатып алу бойынша 40 мыңға тарта келісім жасалады
Коллаж Ulysmedia

Бір жылда пәтерлерді қайта сату бағалары 5%, жаңа тұрғын үйлерді сату 2% өскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

БІР АЙДАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕР

Статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы қыркүйек айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 39 543 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 9 036 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 30 507 мәміле жасалған. 2024 жылдың тамызымен салыстырғанда (40 832) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,2%-ға азайған. Мәмілелер саны бойынша Алматы (8 163 – 20,6%) және Астана (6 646 – 16,8%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 989 – 7,6%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 396 мәміле (1%).

2024 жылдың тамызымен салыстырғанда қыркүйекте ең көп өсім Алматы қаласында (+12,7%) және Батыс Қазақстан (+6,8%), Шығыс Қазақстан (+6,6%) облыстарында тіркелді. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Астана қаласында (-19%), Қостанай (-11,3%) және Ақтөбе (-10,4%) облыстарында орын алды.

2024 жылдың тамызымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 4,2%-ға (1 344 мәмілеге) кеміді. 2024 жылдың қыркүйек айында пәтерлер бойынша барлығы 30 507 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,1%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (24,7%), Астана (21,4%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,2%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2024 жылдың қыркүйек айында олар бойынша 11 506 мәміле ресімделген.

2024 жылдың тамыз айымен салыстырғанда, 2024 жылдың қыркүйегінде жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны бойынша жағдай тұрақты, 0,6%-ға (55 мәмілеге) ғана көбейген. Қыркүйекте барлығы 9 036 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Ұлытау (+25,4%), Батыс Қазақстан (+23,4%) облыстарында және Алматы (+17%) қаласында байқалды. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Қызылорда (-12,2%), Қостанай (-9,9%) және Шымкент қаласында (-6,8%) орын алды.

БІР ЖЫЛДАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕР

2024 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 11,7%-ға көбейген, ол кезде 35 398 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Батыс Қазақстан облысында (72.2%-ға) байқалды, ең үлкен төмендеу – Түркістан облысында (14,4%-ға). 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы мәмілелер санын 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 13,6%-ға өсім байқалды.