×
492.14
528.85
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
492.14
528.85
5.01

Жыл сайын елімізде ЖРВИ-дың 4-5 млн жағдайы тіркеледі – ДСМ

Жыл сайын елімізде ЖРВИ-дың 4-5 млн жағдайы тіркеледі – ДСМ
Фото: iStock

ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте қыркүйекте республикада жіті респираторлық вирустық инфекцияның 544 мыңнан астам жағдайы тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДСМ АПТА САЙЫН МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗЕДІ

Сондай-ақ ол жыл сайын республикада тұмаудың да 2 мыңға дейінгі жағдайы тіркелетінін айтты.

ЖРВИ мен тұмаудың жыл сайынғы эпидемиологиялық маусымы басталды. Жыл сайын республикада ЖРВИ-дың 4-5 млн жағдайы және тұмаудың 2 мыңға дейінгі жағдайы тіркеледі. Министрлік тұмау мен ЖРВИ-дің эпидемиологиялық жағдайына апта сайын мониторинг жүргізеді. Биыл қыркүйекте республикада ЖРВИ-дің 544 368 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 27 пайызға төмен екені байқалады, – деді комитет төрағасы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ТҰМАУДАН ҚАЛАЙ ТЕЗ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ

ТҰМАУ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

Сондай-ақ Сархат Бейсенова соңғы аптада республикада ЖРВИ-дің 171 532 жағдайы тіркелгенін, дегенмен, өткен аптамен салыстырғанда 9 пайызға төмендегенін жеткізді.

Тұмау жағдайлары тіркелген жоқ. Тұмаудан басқа Қазақстанда тұмауға жатпайтын вирустар да таралуда. Басқа да тұмау емес инфекцияларға қыркүйек айында 388 сынама зерттелді. 137 сынамада оң нәтиже анықталды. Оның ішінде риновирус – 49 (оң нәтижелердің 36%-ы), бокавирус – 35 (26%), парагрипп – 25 (18%), аденовирус – 17 (12%), РС вирусы – 7 (5%), басқа вирустар - 4 (3%), - деді ол.