×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Үкіметті төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жиын өтті – нәтижесін қыс, көктем көрсетеді

10.10.2024, 18:59
Үкіметті төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жиын өтті – нәтижесін қыс, көктем көрсетеді
Фото: Үкіеттің баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда өңірлерде 122,6 шақырым дренаж жүйесі салынып, жөнделді, 1545 су өткізу құрылысы орнатылып, ауыстырылды, 1270 шақырым канал мен 21 069 шақырым арық тазартылды, 101 гидротехникалық құрылысқа ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысында белгілі болды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

ТАСҚЫННЫҢ АЛДЫН АЛУ

Тексеру нәтижелері бірқатар облыста өзен арнасы жағалауын нығайту және түбін тереңдету бойынша жұмыстар әлі аяқталмағанын көрсеткен.

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының 84 елдімекенінде күрделі құрылыс, қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру және нығайту жұмыстары жүргізілуде.

«Өңір әкімді күздің соңына дейін елді мекендердің айналасына топырақ үю, су бұру арналарын тазарту және өзендерді қалыпқа келтіру жұмыстарын аяқтау керек. Су ресурстары және ирригация министрлігі гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарын жеделдетуі қажет» – деді Бозымбаев

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Сондай-ақ жиында тұрғын үй секторында жылу беру маусымын өткізуге дайындық барысы туралы есептер тыңдалған.

Жиында тұрғын үйлер мен өзге де нысандардың ішінде орнатылған автономды жылыту жүйелері үлкен алаңдаушылық тудырып отырғаны айтылды. Осылайша, ел бойынша ереже бұзып, автономды жылытқышты 641 ғимарат әлі де пайдалануда. 

«Төтенше жағдайлар министрлігіне мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізуді тапсырамын. Газ инспекциясын іске қосыңыздар. Пеш жағатын үйлерді, бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарын есепке алу қажет. Ондай үйлердің барлығында иісті анықтайтын газ датчиктері орнатылуы тиіс» деді Қанат Бозымбаев.