×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алаяқтар Антикордың бастықтары атынан жалған ақпарат таратып жүр

10.10.2024, 20:00
Алаяқтар Антикордың бастықтары атынан жалған ақпарат таратып жүр
Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтар туралы ескертеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АНТИКОР ХАБАРЛАМАСЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы тағы да ескертеді

– Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасауда және жолдауда. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Осындай қоңыраулар мен хабарламаны алған жағдайда Антикор құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұрайды.