×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Пәкістанда шахтаға жасалған шабуылдан 20 адам көз жұмды

11.10.2024, 14:31
Пәкістанда шахтаға жасалған шабуылдан 20 адам көз жұмды
ашық дереккөз

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында содырлар жекеменшік көмір шахтасына шабуыл жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Reuters агенттігінің мәліметіне қарағанда, таңертең жасалған шабуыл салдарынан 20 кенші қаза тауып, тағы 7 адам жарақат алған.

ҚАЛАЙ БОЛДЫ

Бір топ адам таңғы сағатта Дуки ауданындағы «Джунаид» көмір компаниясының шахталарына ауыр қарумен шабуыл жасады, – деді полиция бөлімшесінің офицері Хумаюн Хан.

Содырлар шахта жұмысшыларын бір жерге жинап, кейін оларға оқ жаудырған. Шабуылшылар сондай-ақ тау-кен жабдықтарын өртеп жіберген.

Сарапшылардың пікірінше, бұл шабуыл – кейінгі апталардағы ең сорақысы.

САЯСИ АСТАРЫ БАР МА

Пәкістан жақында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Еуразиялық тобының саммитін өткізуге дайындалып жатыр.

Сонымен қатар жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Исламабад экономикалық дағдарыстан шығуға тырысып жатқан Оңтүстік Азия еліндегі тау-кен өндіру келісімдерін зерттеген Сауд Арабиясының делегациясын қабылдауда.

Агенттік мәліметіне сәйкес, Белуджистан бірнеше ондаған жылдар бойы белудждік бүлікші топтарының мемлекетке қарсы соғысып жатқанына алаңдап келеді. Бірнеше шабуыл еңбек мигранттарына бағытталған, олардың көпшілігі, соның ішінде Ауғанстаннан келгендер шағын жекеменшік шахталарда жұмыс істеп жатыр.