Алматыда алты жасар Лиза Пылаеваның өлімі туралы сот талқылауы аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СУДЬЯ СӨЗІ
Судья Бақытхан Бәкірбаев күдіктілерге тағылған айып расталмағанын мәлім етті.
“1.Іс бойынша кісі өлтіру фактісін растайтын куәгерлер немесе басқа куәлар жоқ.
2.Сотталушылар тергеуде де, сот талқылауында да өз кінәларын мойындамай, тұрақты көрсетпе берді. Олар қыздың, ауланың артқы жағында, мүсіннің астынан ес-түссіз жатқан күйде табылғанын көрсетті.
3. Қызғаныштан кісі өлтіру себебі – болжам және тергеуде дәлелденбеген. Айыптау үшін негізгі дәлел ретінде аты-жөні белгісіз куәгер Ж-ның 2019 жылдың мамыр айында қабылдау бөлімінде өзімен бірге қамауда отырған сотталушы М.-ның істің мән-жайын баяндауы.
4. Жыл бойы тергелетін іс бойынша дене жарақаттарының қалыптасу механизмі (мойын омыртқасының артқы-алдыңғы бағытта бүгілуі) және қайтыс болу уақыты бойынша бір-бірін жоққа шығаратын бірнеше сараптама жүргізілді.
Бес сараптама көліктің жәбірленушіні қағып кеткенін жоққа шығарады.Тек жеке сарапшы жүргізген біреуі ғана денеге зақым келтіру мүмкіндігін жоққа шығармайды, тек көліктің алдында отырғанда, бұл айыптауға қайшы келеді.
5. Тексерілген көлікте жол-көлік оқиғасының немесе жәбірленушімен басқа да жанасудың іздері табылған жоқ.
6. Жәбірленушінің денесінен жануарлардың тістеу іздері табылды, бұл баланың денесі ұзақ уақыт бойы ересектердің назарынан тыс жерде болғанын көрсетеді. Бұл сондай-ақ тергеу нұсқасын жоққа шығарады, оған сәйкес сотталушылар соқтығысудан кейін бірден оны жасыру үшін белсенді шараларды бастады” деді судья.
Іс материалдарын зерттеп, барлық куәгерлер мен сарапшыларды тыңдағаннан кейін сот іс бойынша айыпталушыларды ақтады.
ШЕШІМ
Судья айыптаушы тарап жәбірленушінің өліміне көліктің соқтығысуы себеп болғанын және соқтығысты сотталушы жасағанын дәлелдейтін айғақтар келтірмегенін, Айыптау болжамға негізделген, айыптау үкімін шығаруға негіз жоқтығын мәлім етіп, төмендегідей үкім оқыды:
Сот шешімі:
Соттың үкімімен Ш., қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны дәлелденбегендіктен, кінәсіз деп танылды.
Сотталушылар Р. және М.-лар кінәсіз деп танылып, олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты ақталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес іс материалдары тергеу жүргізу үшін прокуратураға жолданылады.
ОҚИҒА ТАРИХЫ
Алты жасар қыз 2019 жылдың 12 мамырында анасымен бірге тұрған үйдің ауласында мүсіннің жанында өлі күйінде табылды.
Қыздың әкесі отбасымен бірге тұрмаған Александр Пылаев баланың өліміне бұрынғы әйелінің әпкесі Ольга Шмакованы кінәлады.
Алайда Лизаның анасы Мырина Рыжакова мен барлық туыстары Лизаны құлаған мүсін басып қалып, қайтыс болды деп сендіреді.