Елорданың оң жағалауында мейрамханалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЖМ мәліметінше, Сарыарқа ауданындағы Мәмбетов көшесіндегі бір қабатты ғимарат өртке оранған.
Ғимаратта адамдар болған жоқ. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт сөндірушілер үш газ баллонын өрттен шығарды, – делінген хабарламада.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан бейнежазбалар пайда болды. Олар Ali Baba мейрамханасы екенін хабарлады. Төтенше оқиғаның видеосын мына жерден көруге болады.
Еске салсақ, күні кеше Қостанай облысында жеке тұрғын үй түгі қалмай өртеніп, 5 бала қаза тапқан болатын.