×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Бүгін – Қазақстанның халық әртісі Асқар Тоқпановтың туған күні

Бүгін – Қазақстанның халық әртісі Асқар Тоқпановтың туған күні
Фото: altynqor.com

Бүгін (1915-1994) режиссер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Асқар (Әлиасқар) Тоқпановтың туған күні, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Алматы облысының Іле ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Мемлекеттік театр өнері институтын бітірген.

1939-1944 жылдары және 1948-1951 жылдары Қазақ драма театрында қоюшы режиссер болып, М. Әуезов пен Л. Соболевтің «Абай», Ш. Хұсайыновтың «Марабай», Әуезовтің «Сын сағатта» мен «Еңлік-Кебек», С. Мұқановтың «Жеңіс жыры», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», А.П. Штейннің «Намыс соты», Д. Гоу мен А.Д. Юссоның «Терең тамырлар» спектакльдерін сахнаға шығарды. Бұдан кейін Балалар мен жасөспірімдер театрының, сондай-ақ Қарағанды, Гурьев (Атырау), Жамбыл облыстық драма театрларының көркемдік жағын басқарып, спектакльдер қойды. Ол спектакльдерді қоюмен бірге өзі де кейбір басты рөлдерді ойнап, сахна өнерінің өзекті мәселелері туралы зерттеу-мақалалар және пьесалар жазды.

Сонымен қатар Г. Ибсеннің, А. Островскийдің, А. Чеховтың, А.Ф. Софроновтың, М. Горькийдің туындыларын аударды. Педагогикалық қызметпен де шұғылданып, 1939-1944 жылдары Алматыдағы театр училищесінде және Өнер институтында (қазіргі Алматы театр көркемсурет институты) дәріс беріп, 1955-1963 жылдары кафедра меңгерушісі, 1975 жылдан профессоры болды.

Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.