×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Зейнетақының бір бөлігін алудың жаңа тәртібі бүгіннен бастап өзгере ме

03.12.2021, 10:30
Фото: Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде «Отбасы банк мәліметіне сәйкес зейнетақының бір бөлігін алу тәртібі бүгіннен бастап өзгереді» деген ақпарат тарап жүр. Банктың баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

«Әлеуметтік желіде тараған ақпарат қате. Жалпы «Отбасы банк» зейнетақының бір бөлігін алу тәртібін реттемейді. Бізде бар ақпаратқа сәйкес бұл талап 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгереді», - деді Отбасы банктің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек бүгін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылы зейнетақы жинағы бойынша артық соманы шешуге қажет жеткілікті деңгей екі есе өсетінін хабарлады. Мамандардың айтуынша, зейнетақы жинағының артық мөлшерін алу бойынша жеткілікті соманың өсуі ең төменгі жалақының өсуі сияқты макроэкономикалық көрсеткіштердің көтерілуіне байланысты болып отыр.

 

Серіктес жаңалықтары