Семейде қоқыс жәшігінен денесінің 80%-ы күйіп қалған жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Instagram-дағы «Оса Семей» паблигінің мәліметінше, оқиға 13 қазанда болған.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, іс Абай облысының прокуратурасының арнайы бақылауына алынды, – деп хабарлады облыстық прокуратура.
Сәби 12:00 шамасында табылып, ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілген. Алдын ала мәліметтер бойынша табылған нәресте – шамамен бір күндік қыз бала.
Еске салсақ, Қарағандыда сәбиін аязда далаға тастап кеткен ата-ана жауапқа тартылмағанын жазған едік.