×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Синоптиктер ескерту жасады: 14 қазанға арналған ауа райы

Синоптиктер ескерту жасады: 14 қазанға арналған ауа райы
Фото: qazaqstan.tv

«Қазгидромет» РМК 14 қазанда - ертең еліміздің 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарағанды облысының батысында, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде жолдарда көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қаласында 14 қазанда жолдарда көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қаласында 14 қазанда түнде және таңертен тұман күтіледі.

14 қазанда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде қар күтіледі, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.

14 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қаласында 14 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тауда тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қаласында 14 қазанда кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз облыстың таулы аудандарында 25 м/с күтіледі. Тараз қаласында 14 қазанда күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с. Қонаев қаласында 14 қазанда солтүстік- шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қаласында 14 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада жолдарда көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.