Украина президенті Зелинский Солтүстік Кореяны Ресей жағында соғысқа қатысу үшін әскер жіберді деп айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Зеленскийдің айтуынша, Солтүстік Корея Ресейге қару-жарақпен ғана емес, әскермен де көмектесе бастаған, деп жазады ВВС.
– Біз Ресей мен Солтүстік Корея сияқты режимдер арасындағы одақтастықтың артып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл енді қаруды беру туралы ғана әңгіме емес. Бұл іс жүзінде Солтүстік Кореядан адамдарды басқыншының әскери күштеріне беру жайлы, – деді Зеленский.
РФ МЕН КХДР
Қару-жарақ Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастың күшеюі шеңберінде жеткізіліп жатыр. 2023 жылдың маусымында Ресей президенті Владимир Путин Пхеньянға ресми сапармен барған. Сол жылдың қыркүйегінде КХДР жетекшісі Ким Ченн Мәскеуге келді. Ресми түрде тараптар экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап жатқанын айтады, алайда сарапшылар бұл келіссөздердің астында әскери техника жеткізілуде деп күдіктенеді.
Қару-жарақ үшін Ресей Солтүстік Кореяға энергия ресурстарын жеткізеді, сонымен қатар зымырандар мен барлау спутниктерін жасау технологияларымен бөліседі деген болжам бар. Пхеньян үшін әсіресе санкциялар мен халықаралық оқшаулау жағдайында бұл алыс-берістің маңыздылығын асыра бағалау қиын.
Америкалық тергеушілер Ресейдің Украина территорияларын атқылау кезінде Солтүстік Корея зымырандарын қолданғанын тіркеген. Бұл КХДР-дің қазіргі қақтығысқа қатысатынын растайды. Украинаның бас прокуратурасы бұл фактілерді растап, КХДР Украинаның Ресей басып алған аймақтарына инженерлік әскерді жіберуді жоспарлап отырғанын айтты.
Ресей мен Солтүстік Корея шенеуніктері кез-келген әскери тасымалды жоққа шығарады.
Бұған дейін КХДР-дың Украинаның Ресей басып алған аймақтарына инженерлік әскер жіберетіні белгілі болған.