Қостанай облысында аулада тұрған жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЖМ мәліметінше, оқиға Тобыл қаласында болған.
Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде жойылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтарға автомобиль электр сымдарының жарамдылығын тексерудің қажеттігін еске салады.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында су жаңа жеңіл көліктер тасымалдап бара жатқан жүк көлігі отқа оранған болатын.