×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

"Мынау министр емес пе". Қазақстан шенділері неге бизнес-класста ғана ұшады?

Бүгін, 09:38
"Мынау министр емес пе". Қазақстан шенділері неге бизнес-класста ғана ұшады?
Ulysmedia

"Мынау министр емес пе" – деді 13 қазан күні Стамбұлдан Астанаға ұшқан Air Astana рейсінің жолаушылары. Бизнес класста отырған орта жастағы ер адамды елордалық әуежайдың VIP-залынан "Ескараев" деген тақтайшамен күтіп алғанда жолаушылардың ол ешқандай да бизнесмен емес, министрдің нақ өзі екеніне көзі жетіп, күмәні толық сейілді.

МӘН-ЖАЙЫ

Ulysmedia.kz Азамат Есқараев басқаратын әділет министрлігінің сайтынан, министр Италиядағы маңызды халықаралық кездесуге барып қайтқанын білді. 10-11 қазан аралығында Венеция комиссиясы өзінің 140 пленарлық сессиясын өткізген. Ол жерде Армения, Қырғызстан мен Польшаның ұлттық заңнамасы мен заңдары талқыланған. Комиссия мүшелері аталған елдердегі сот жүйесін күшейту, іріктеу жүйесінің ашықтығын, судьялардың жауапкершілігін арттыру жайында толғанған.

“Әділет министрінің аталған сессияға қатысуы Қазақстанның халықаралық серіктестікті қолдайтынын, заң реформаларын үздік әлемдік стандарттарға сәйкестендіруге бейітділідігін білдіреді” делінген министрлік хабарламасында.

ТЕК ҚАНА БИЗНЕС-КЛАСС

Халықаралық серіктестік керек-ақ, алайда әділет министі мұндай маңызды кездесулерге міндетті түрде қаржы құртып бизнес-класпен ұшу керек пе?

Соған қарағанда Қазақстанда “министр” лауазымына жауапкершіліктен бөлек,  хатшы, кеңесші, орындасарлар, басқармалар, департаменттер, әрине бизнес-класс пен VIP-терминалдар сияқты ерекше артықшылықтар да берілетін сияқты ғой.

Бәлкім, Есқараев эконом-класста ойлана алмайтын шығар?

МӘНСАП ЖОЛЫ

Есқараев әділет министрлігімен 2000 жылдардан бері тығыз қатынаста. Осы аралықта шарықтау да, құлдырау да болды, ұзақ уақыт министр орынбасары қызметінен кейін, премьер-министрі кеңсесіне ауысады.

Әделіт министрі Бекетаев болған кезде жауапты хатшы да болып көрді. Қаңтар оқиғасынан кейін шамасы Есқараев жаңа басшылыққа жаға білді ме, 2023 жылы министр атанады.

Сонда мемлекет есебінен бизнес-класспен ұшып, өзге елдердің сот жүйесін күшейтуге атсалысуға Азамат Ескараев ширек ғасыр күрескен болып шыға ма?

Айтқандай, Кенеция комиссиясының 141 сессиясы 2024 жылғы желтоқсанға белгіленген. Бизнес-классқа билет әзірлен алынып қойылған шығар...