×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Елде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 2 781 адам жұқтырды

19.09.2021, 08:03
Елде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 2 781 адам жұқтырды
Фото: Ашық дереккөздерден

Осылайша, пандемия басталғалы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 860 424 адамға жетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Қазақстанда сонымен қатар өткен тәулікте 2 909 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

19 қыркүйектегі мәлімет бойынша 70 822 адам коронавирус инфекциясынан (62 248 КВИ+ және 8 574 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 13 095 пациент стационарда болса, 57 727 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1 041 адамның жағдайы ауыр болса, 264 пациенттің жағдайы өте ауыр. 169 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

19 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония туралы ақпарат мынадай: 17 қыркүйекке дейін коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 210 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 183 адам емделіп шықты.