×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әшімбаев Дубайда мүлкі бар қазақстандықтардың «бәрін қаралау артықтау» деп мәлімдеді

17.10.2024, 17:36
Әшімбаев Дубайда мүлкі бар қазақстандықтардың «бәрін қаралау артықтау» деп мәлімдеді
Ulysmedia коллажы

Сенат кулуарында парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы Мәулен Әшімбаев Дубайда мүлкі бар қазақстандықтар оны қайдан алғаны тексерілуі керек пе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘШІМБАЕВ НЕ ДЕЙДІ

– Мен өзім оқымадым (Азаттық зерттеуін). Бірақ басқа ақпарат көздерінен пікірлерді көрдім. Осы сұрақты білуімше, Бас прокурарутарың активтерді қайтару жөніндегі комитеті төрағасына қойдыңыздар. Бұл сұраққа солар жан-жақты жауап берер деп есептеймін. Комитет төрағасының (заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі) айтуынша, бұл мәселелер жұмыс бабында қаралады. Егер сол активтер заңсыз шығарылған болса, олар тиісті тізімге кіргізіледі. Қай жақтан алынғаны туралы нақты жұмыстар жүргізілетін болады. Заңға сәйкес, тиісті шешімдер қабылданады. Сондықтан бұл жерде барлығы заңның аясында болады. Білуімше, 1500 қазақстандықтың Дубайда әртүрлі дүниелері, мүліктері бар көрінеді. Бірақ олардың бәрін қаралау артықтау болатын шығар. Оның ішінде кәсібімен айналысып заңды түрде табысын тауып, алғандар да бар шығар. Сондықтан оның бәрін тиісті комитет заңның аясында қарайтын болады, – дейді Мәулен Әшімбаев.

ДУБАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

Еске сала кетейік, бүгін Азаттық жүргізген "Дубайдағы Қазақстан" зерттеуінің соңғы бөлімі жарияланған. Бұған дейін Араб Әмірліктерінен үй алған мұнай саласы топ-менеджерлері, полковниктер мен генералдар, министрлер мен әкімдер туралы айтылса, бұл жолы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің активтері көрсетілген.