×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Маңғыстауға мал азығын жеткізу тарифы 420 мың теңгеден 100 мыңға түсті

19.09.2021, 10:16
Маңғыстауға мал азығын жеткізу тарифы 420 мың теңгеден 100 мыңға түсті
Фото: Ашық дереккөздерден

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Маңғыстау облысы әкімдігінің сұранысы бойынша 1 қарашаға дейін өңірге жем-шөпті жеңілдетілген тарифпен жеткізеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, ​2021 жылдың 20 қыркүйегінен бастап  2021 жылдың 31 қазан аралығында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Маңғыстау ЖК бөлімшесі» филиалының стансасында жұмыс қызу жүргізіледі. Республикалық қатынаста әмбебап меншікті вагондармен бидай кебегін, құрама жемді, арпаны, астық қалдықтарын, күнжараны, жемшөп ұнтағын, тамақ өнеркәсібінің қалдықтарын тасымалдау мынадай тәртіппен есептеледі:

  • магистральдық темір жол желісі қызметтерінің тарифтері ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитеті белгілеген есептеу тәртібіне сәйкес толық көлемде есептеледі;
  • локомотивтік тартым қызметі мен жүк және коммерциялық жұмыс қызметтерінің тарифтері 0,01 коэффициентімен есептеледі;
  • «Қазтеміртранс» АҚ вагондары үшін жұмыс мөлшерлемесі 0,01 коэффициентін қолдана отырып есептеледі;
  •  Басшылықта белгіленген жүктерді тасымалдауға байланысты қосымша қызметтер үшін 0,01 коэффициентін қолдана отырып есептеледі;
  • Магистралды, станциялық жолдарда меншікті вагондардың аялдағаны үшін төлем 0,01 коэффициентін қолдана отырып есептеледі.

​«0,01 коэффициенті дегеніміз – төмендетілген жеңілдік тарифі. Тасымалдау тізімінің сомасы белгіленген есептеу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Яғни 0,01 коэффициенті тасымалдаушының тізімінде көрсетілген жүктің санына көбейтіледі. Нәтижесінде жеткізілген тауардың ең төменгі есебі шығады”, - делінген хабарламада.

​Мысалы, құрама жем тиелген вагон Қостанай-Маңғыстау бағыты бойынша жіберілетін болса, стандартты тарифтер бойынша тасымалдау құны шамамен 420 мың теңгені құрайды. 0,01 төмендетілген жеңілдікті тарифпен есептеулер бойынша осы маршрут бойынша жеткізу сомасы шамамен 100 мың теңге болмақ.