Пиротехника тиелген көлік өртенген, Нұр-Сұлтаннан Бурабайға апаратын жолдағы қозғалыс қалпына келтірілді деп хабарлайды Ulysmedia.
«Бүгін Бурабай ауданында «Нұр-сұлтан - Щучинск» тасжолының 212 шақырымында сағат 21-26-да пиротехника тиелген жартылай тіркеме өртенді», – деп мәлімдеді Төтенше жағдай министрлігінен.
Өкінішке қарай, 30 шаршы метрді шарпыған өрт салдарынан пиротехника бұйымдары тиелген «DAF» маркалы жүк автомобилінің жартылай тіркемесі толықтай жанып кетті. Дегенмен көліктің кабинасы зардап шекпеді.
22-05-те ауыздықталған тілсіз жаудан қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ.
Оқиға орнында ТЖД-нің 19 қызметкері мен 4 техникасы жұмыс істегені белгілі болып отыр.