Палестиналық ХАМАС қозғалысының шетелдік өкілдігінің басшысы Халид Машаль енді ұйымға басшылық етеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Trend-тің ливандық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, бұл – Израиль армиясы ХАМАС саяси бюросының басшысы Яхья Синварды өлтіргеннен кейін болған оқиға.
Ақпараттарға қарағанда, Халид Машаль қозғалыстың уақытша басшысы қызметін атқарып, қазір кепілге алынғандарды босату жөніндегі келіссөздерге қатысқан негізгі тараптармен барлық байланыстарға жауапты.
Еске салсақ, бұған дейін ХАМАС көшбасшысы Яхья Синвардың өлтірілгені туралы жазған едік.