×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қытай ЕАЭО-ға кіргісі келе ме?

18.10.2024, 18:44
Қытай ЕАЭО-ға кіргісі келе ме?
дереккөз

ЕАЭО Іскерлік кеңесі мен Қытайдың Халықаралық саудаға жәрдемдесу комитеті (ҚХСЖК) меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл құжат ЕАЭО елдері мен ҚХР арасындағы кедергілерді жоюға және іскерлік байланысты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Әңгіме ынтымақтастық шарттары туралы ақпарат алмасу туралы ғана емес, сонымен қатар практикалық мәселелерді – шектеулерді жоюға көмектесу, түрлі форумдар, ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру мәселесін бірлесіп шешу туралы болып отыр, – деді ЕАЭО Іскерлік кеңесінің атқарушы хатшысы Сергей Михневич БАҚ-қа берген мәлімдемесінде.

Меморандумға Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының президенті, ЕАЭО Іскерлік кеңесі президиумының мүшесі Александр Шохин және Қытайдың Халықаралық саудаға жәрдемдесу комитеті төрағасының орынбасары Чжан Шаоган қол қойған.

Одақ пен Қытай арасындағы қарым-қатынас ЕАЭО-мен ықпалдастық және 2015 жылы басталған "Бір белдеу, бір жол" бастамасының интеграциясын, сондай-ақ цифрландыру, климаттың өзгеруі және саудадағы кедергілерді жою салаларындағы өзара іс-қимылды дамытуды қамтиды.

ЕАЭО

Еуразияда орналасқан, 5 посткеңестік мүше-мемлекеті бар аймақтық экономикалық халықаралық ұйым. ЕЭАО мүше-мемлекеттер арасында салықтық жеңілдіктер қарастырлған,

Одақ 2014 жылғы 29 мамырда бекітілген келісім негізінде, Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшыларының арасында құрылған.

Одақ құрамында Армения, Қазақстан, Беларусь, Ресей және Қырғызстан бар. Алайда соңғы кезде Армения ЕАЭО-дан бас тартатынын жиі мәлімдеп жүр.