×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Украина Ресейден қаза тапқан 501 сарбаздың денесін алды

18.10.2024, 19:25
Украина Ресейден қаза тапқан 501 сарбаздың денесін алды
Украинаның әскери тұтқындарды басқару жөніндегі үйлестіру орталығы

Украина мерт болған 501 сарбаздың денесін өз Отанына қайтарды. Бұл туралы жұма күні Украинаның әскери тұтқындарды басқару жөніндегі үйлестіру орталығы хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Үйлестіру орталығы денелері репатриацияланған әскери күштердің 382-сі Авдеев бағытында, 56-сы Бахмут бағытында, 45-і мариинскіде, 7-і Луганскіде, 6-ы Угледар бағытында, 4-і Запорожьеде қаза тапқанын хабарлады.

Орталықтың мәліметінше, тағы бір дене Ресейдегі мәйітханадан қайтарылған.

ОТБАСЫНА БЕРІЛЕДІ

"Украинаның Қарулы Күштері оралған денелер мен қалдықтарды тағайындалған мемлекеттік мекемелерге жеткізеді. Құқық қорғау органдарының өкілдері мен сот-медициналық сарапшылар қаза тапқандардың жеке басын анықтайды. Анықталғаннан кейін біздің қорғаушылардың денелері лайықты жерлеу үшін отбасыларға беріледі", – деп хабарлады Орталық.

Үйлестіру орталығы денелердің Ресеймен алмасу нәтижесінде алынғанын нақтыламады. Ресей тарапы бұл туралы әлі ештеңе айтқан жоқ.

Соғыстағы әскерилердің шығыны туралы ақпарат әртүрлі. Би-би-си ашық деректері негізінде "Медиазона" басылымымен және еріктілер тобымен бірге Украинаға толыққанды басып кіру кезінде қаза тапқан 74 014 ресейлік әскери адамның есімдерін анықтай алған. Басылымдар шынайы әскерилердің шығыны бірнеше есе көп болуы мүмкін екенін хабарлаған. 

Бұған дейін The Wall Street Journal газеті соғыстағы Украинаның адам шығынын 80 мың, Ресейдің шығынан 200 мың, жараланғандар екі жақтан да шамалас – 400 мыңның о жақ, бұ жағы деп хабарлаған. Алайда соғыс жағдайында бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтау қиын. "Медиазона" басылымы бұл сандар тым жоғары деп жазған.