×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қыз баланы құтқарып қалған полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты

18.10.2024, 23:30
Қыз баланы құтқарып қалған полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты
Әлеуметтік желіден

Абай облысында жол апаты салдарынан полиция қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖОЛ АПАТЫ СЕБЕП

Абай облысының полиция департаменті қайғылы оқиғаны растады.

«Омбы – Майқапшағай тас жолында үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Көліктердің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тапты, оның ішінде Семей қаласы полициясының аға сержанты Асхат Ахатов та бар», – деп хабарлады Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр..

«Полиция департаменті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – деп мәлімдеді ведомство.

ҚЫЗ БАЛАНЫ ҚҰТҚАРҒАН ЕДІ

Қайтыс болған полиция қызметкері биыл наурыз айында қыз баланы құтқарып қалған еді. Қыз баланы аңдыған күдіктіні байқаған Асхат Ахатов онымен алыса кетіп, басынан үш пышақ жарақатын алып бірақ қызды құтқарып қалған.