×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Каспий теңізінде екі рет жер сілкінді

Каспий теңізінде екі рет жер сілкінді
Фото: ашық дереккөз

Жер сілкіністері бір-біріне жақын жеті сағаттық айырмашылықпен тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

lada.kz сайтының мәліметінше, бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеген. 

Мамандардың айтуынша, магнитудасы 3,1 болатын алғашқы жер сілкінісі 19 қазанға қараған түні, таңғы сағат 02:02-де тіркелген.

Дәл осындай магнитудадағы екінші дүмпу түскі сағат 11:39-да болған.

Екі жер сілкінісінің ошағы 68 шақырым тереңдікте жатыр.

Бірінші эпицентрдің координаттары – 40°35′24 с.е, 51°40′48 ш.б. Екіншісі – 40°26′24 с.е, 51°55′48 ш.б.

Еске салсақ, 17 қазан күні түнде Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелген.