Ақмола облысында жинаулы тұрған 10 тонна шөп жанып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атбасар ауданы Сергеевка ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында 10 тонна сақталған шөп өртенді» делінген хабарламада.
Облыстық ТЖД хабарлауынша, өрт сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.
Тосыннан тұтанған өрттің шығу себебі анықталып жатыр.