×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ұлыбританияда Назарбаев Маргарет Тэтчерге сыйлаған "Достық" ордені сатуға шығарылды

21.10.2024, 15:22
Ұлыбританияда Назарбаев Маргарет Тэтчерге сыйлаған "Достық" ордені сатуға шығарылды
Коллаж Ulysmedia.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчерге сыйлаған "Достық" ордені сатуға шығарылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Сату туралы хабарландыру британиялық сирек кездесетін әрі көне бұйымдарды сатуға арналған Peter Harrington дүкенінің сайтында жарияланған.

Орден үшін сұралып отырған баға – 12 500 фунт стерлинг. Бұл шамамаен 7,8 млн теңге.

Хабарландыру сипаттамасында Назарбаев Тэтчердің жанкүйері болғаны, марапатты 2001 жылы табыстағаны айтылған.

Ол мұндай құрметке ие болған жетінші адам. Табыстау жасырын жасалғанға ұқсайды. Өйткені марапаттау туралы жазбалар табылмаған. Мұндай марапатты Хиллари Клинтон, Пан Ги Мун және Ли Куан Ю алған. Орденге қорап пен брошюра қоса беріледі. Аздап тозған, кофрдың түбінде бірнеше сызат бар, бірақ тұтастай алғанда өте жақсы” делінген сайт сипаттамасында.

ДОСТЫҚ ОРДЕНІ

“Достық” орденi – 1995 жылы белгіленген Қазақстан Республикасының лауазымды марапаты.

Орденмен азаматтар қоғамдағы ұлтаралық және азаматтық татулықты сақтау жөніндегі жемісті жұмысы үшін халықтар арасындағы бeйбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ciңipreн еңбегі үшін марапатталады.

“Достық” ордені eкi айырымнан: I дәрежелі «Достық» ордені жұлдыздан және иыққа acaтын лeнтaдaғы opдeннiң бeлгiciнeн тұpaды.[1]