Жазушы, журналист Қанат Тілеухан алданып Талдықорғанда есеп үшін ұйымдастырылған кездесудің еріксіз қатысушысы болғанын ашына жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
МӘН-ЖАЙЫ
Жазушы өткен бейсенбіде Талдықорғаннан бір жігіт хабарласып, кездесу ұйымдастыру туралы ұсыныс айтқанын, жазушы туған жердің жұртымен кездеспегеніне көп болғандықтан ұсынысқа келіскенін айтады. Алайда Талдықорғанға барған соң кездесу жиыны көзбояушылық екеніне көз жеткізген.
ЖАҒДАЙ ҚАЛАЙ БОЛҒАН?
Жазушы кездесуге барғанда алдынан “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еркін форматтағы” кездесу деген жазуды көреді. Өзін екі жас қыз қарсы алады. Жазушының “Менің жемқорлыққа қатысым не?” деген сұрағына, күмілжіп дұрыс жауап бере алмаған. Ақыры келген Қанат Тілеухан бір сағат отырып күткен. Бірақ ешкім келмеген.
– Қыздар, бұның бәрі отчет үшін ғой. Видеоға түсіріп алыңдар. Кешігіп келе жатқан көрерменді түсіріп, монтаж жасай саларсыңдар, – десем “мақұл” дейді. Негізі әзілдеп айтқам. “Жақсы-жақсы” деп мобилогрофқа түсіртіп жатыр.
“ЕРТЕҢ КЕЛЕ АЛАСЫЗ БА?”
Бұның ұят екенін айтқан жазуға “ренжімеңізші” деп қана жауап қайтарыпты. Тіпті “ертең келе аласыз ба” деп сұрайды.. Ал Қанат Тілеухан болса осы үшін Алматыдан жұмысын тастап келген екен. Кездесуді ұйымдастырушы Қоғамдық даму басқармасы мен облыстық антикор дейді жазушы.
БҰЛ БІРІНШІ РЕТ ЕМЕС
Журналистің сөзінше, бұл – бірінші рет болып отырған жағдай емес.
“Осы әңгімені фейсбукке жазбай-ақ қояр ем. Жыл басында «Шатырдағы әйел» кітабымның тұсау кесерін өткізіп берейік деген шақыртуды баспагерім Асылан Тілеген арқылы алғанмын. Ол кезде де отчет үшін боп қалды. Талдықорғандағы Жұматай Оспанұлы бастаған қаламгерлер Қақа, мынау былай болады деп ойламадық. Кейін өзіміз дұрыстап ұйымдастырайықшы деген еді.
Қайтар кезінде жазушының шотына елу мың теңге түскен. Бір қыз қоңырау шалып, бұл ақшаның қаламақы екенін айтқан. Көзбояушылыққа ренжіген жазушы ақшаны кейін қарай салып жіберген.