×
485.04
525.98
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.04
525.98
5.04

Бортында ресейліктер бар - Суданда Ил-76 ұшағы атып түсірілді

Бүгін, 23:55
Бортында ресейліктер бар - Суданда Ил-76 ұшағы атып түсірілді
svoboda.org

Суданның Дарфур өңірінде Ил-76 жүк ұшағы құлатылды, оның бортында, жергілікті арналардың хабарлауынша, Ресей азаматтары болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Азаттық радиосына" сілтеме жасап.

ҰШАҚТА КІМДЕР БОЛҒАН?

Олардың арасында Airline Transport Incorporation FZC компаниясының бас инженері Виктор Грановтың аты аталды. Онымен бірге бортта тағы бірнеше әріптесі болуы мүмкін.

ЖОҚҚА ШЫҒАРМАДЫ

Ресейдің Судандағы елшілігі әзірге ақпаратты растамаса да, жоққа шығармай отыр. Дипломатиялық миссия өкілдері апаттың жағдайларын анықтау қиын екенін айтты. Себебі оқиға  азаматтық соғыс өршіп жатқан аймақ "Дамфурда" болған.

ҚАТЕЛЕСІП АТЫП ТҮСІРГЕН

Сондай-ақ, Судан соғысын мониторингтеу жобасы (Sudan War Monitor) елдегі әскери қимылдар туралы ақпараттарды жариялап, Ил-76 ұшағын "Жылдам әрекет күштері" (RSF) атты әскери ұйымның жауынгерлері қате түрде атып түсіргенін мәлімдеді. Олар ұшақтағы жүк RSF үшін тағайындалған деп хабарланды.