×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Ливаннан Израильге 20 зымыран ұшырылған

Ливаннан Израильге 20 зымыран ұшырылған
Фото: iStock/allanswart

Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Ливаннан 20-ға жуық зымыран ұшырылғанын тіркеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 АДАМ ТҰРМАЙТЫН ЖЕРГЕ ҚҰЛАҒАН

Израильдің орталық бөлігінде сирена дауысы естілгеннен кейін Ливаннан бес зымыран келгені анықталды. Зымырандардың көпшілігі қағып түсірілді, бір снаряд адам тұрмайтын жерге құлаған. Батыс Галилея мен Голан биіктерінде (Израильдің солтүстігінде) сиреналар естілгеннен кейін Ливаннан 15-ке жуық зымыран ұшырылғаны анықталды. Олардың кейбірі қағып түсіріліп, қалғандары адам тұрмайтын жерге құлады, - деп мәлімдеді армияның баспасөз қызметі.

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ЖОҚ

Сондай-ақ бүгінге дейінгі шабуыл салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмегенін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Израиль қорғаныс күштерінің өкілі Даниэль Хагари жақын арада Израильдің әуе күштері Ливанның барлық аумағына жаңа соққы жасайтынын мәлімдеген болатын.

Дүйсенбі күні АҚШ-тың елшісі Амос Хохштейн Бейрутта ливандық шенеуніктермен Израиль мен «Хезболла» арасындағы атысты тоқтату шарттарын талқылады. ВВС дерегінше, Израиль өз кезегінде, Ливанның «Хезболла» тобының «көлеңкелі банкі» деп аталатын филиалдарына шабуылдар жасап жатыр.

КОНФЛИКТТІҢ ТЕРЕҢДЕУІ

Израиль мен «Хезболла» арасындағы шиеленіс күшейіп, Ливанда жаңа соғыс қаупі туындауда. Израильдің әскери операциялары «Хезболлаға» қарсы максималды зиян келтіруді көздейді, ал АҚШ президенттік сайлауларына дейін жаңа жағдай қалыптастыруға ұмтылуда.