×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Мұғалімдердің жалақысы өспей жатып қысқара ма?

06.12.2021, 13:35
Мұғалімдердің жалақысы өспей жатып қысқара ма?
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Желіде Қазақстанда келесі жылдан бастап педагогтардың еңбекақысы 30% қысқарады деген дақпырт тарап жатыр. Осы орайда құзырлы министрліктің өкілі мәселеге қатысты үн қатты деп хабарлайды Ulysmedia.

WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтар жаңа жылдан бастап педагогтардың еңбекақысы қысқаратыны туралы: «Хабарламада еңбекақының 25% өскеніне қарамастан, жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ бергені үшін 30% тең қосымша төлемдер алынып тасталатыны айтылған. Демек, мұғалімдердің табысы 5% төмендейді», – делінген.

Бұл ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды. Ведомствоның баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева, жаңартылған білім беру мазмұны үшін қосымша ақы бұрынғыдай төленетініне сендіреді. Сонымен қатар, келесі жылдың қаңтар айынан бастап, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында педагогтардың еңбекақысы тағы 25% көтерілмек.

«Айта кетейік, 2020 жылы педагогтардың еңбекақысы 25%, 2021 жылы тағы 25% өсті. Бұдан бөлек, Президенттің қолдауының арқасында, біліктілік санаты үшін қосымша ақы 30-50% дейін ұлғайтылды», – дейді ол.

Сондай-ақ ол мұғалімдерге дәптерлерді тексеру және сынып жетекшілігі үшін үстемеақы екі есеге арттырылғанын, сондай-ақ тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу сынды жаңа санат пайда болғанын атап өтті. Педагогикалық мамандықтарда білім алып жүрген студенттердің шәкіртақысы болса, биыл қыркүйек айынан бастап 42 мың теңгеге дейін көтерілген.