Бес күн бұрын жоғалған 23 жастағы атыраулық бойжеткеннің денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оны танысы өлтіріліп, денесін өзенге лақтырып кеткен.
Бойжеткен Авангард шағын ауданындағы үйден 22:00 шамасында шығып, қайтып оралмаған. Кейін Анасы полицияға қызының жоғалып кеткенін хабарлаған.
Оның өлтірілгені анықталды. Болжам бойынша, танысы оны өз көлігіне мінгізген. Сол жерде оны өлтіріп, денесін алып, серіктесімен бірге өзенге тастаған.
Полиция кісі өлтіру фактісін растады. Құқық қорғау органдары екі бап бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Ұрлау" және "кісі өлтіру" баптары бойынша қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу басталды. 24 және 25 жастағы екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, – деп жауап берді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбады.