×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматыда 16 жастағы жеткіншекті экскаватор мыжып кетті

24.10.2024, 17:17
Алматыда 16 жастағы жеткіншекті экскаватор мыжып кетті
ашық дереккөз

Алматыда экскаватор мопед мінген баланы басып өлтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақпаратты Алматы полиция департаменті растады.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі хабарлағандай, ЖКО бүгін сағат 08:10-да Алматы қаласының Алатау ауданында болған.

15 жасар бала Алғабас шағын ауданындағы Доспанов көшесімен солтүстік бағытта мопедті басқарып келе жатып," Шевроле" маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Салдарынан мопед аударылды. Соқтығысу кезінде жолға құлаған мопедтің 16 жастағы жолаушысын экскаватор мыжып кеткен, – деп хабарлады полиция.

Өкінішке орай, жасөспірім алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 743 ЖКО орын алып, 14 адам қаза тапты, – деді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Әзербектің айтуынша, жыл басынан бері 31 мың мопед жүргізушісі мен 28 мың электр скутер жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Адам өліміне әкеп соққан ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

МОПЕДТЕРДІ ТІРКЕУ

Бұған дейін ІІМ мопедтерді тіркеуге арналған құжаттар тізімін жариялаған.

Оған сәйкес, мопедтерді тіркеуге арналған құжаттар тізімі белгіленді. Ол үшін:

жеке басты куәландыратын құжат;

Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымымен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар;

техникалық құжатты немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ашық ақпараттық көздерден алынған мәлімет;

иесінің өтініші;

көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде берілген көлік құралын қарап тексеру актісін ұсыну керек.