×
486.65
524.46
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.65
524.46
5.05

«Бүгін әлемде БҰҰ күні». Зеленский БҰҰ-ны сынға алды

Бүгін, 19:15
«Бүгін әлемде БҰҰ күні». Зеленский БҰҰ-ны сынға алды
Фото: Associated Press

Украина президенті Владимир Зеленский Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы "соғысты реттеу"емес, нақты бейбіт мақсатты көздейтінін еске салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Бүгін Ригадағы "Қырым платформасы" парламенттік саммитіне қатысушыларға үндеуінде ол Солтүстік Корея Украинаға қарсы майданға әскер жіберген Ресейдегі БРИКС саммиті кезінде БҰҰ-ның "шиеленістерден аулақ болу керек" деген ұранын сынға алды.

Ресейді халықаралық құқықты бұзды деп айыптаған Зеленский мұндай жағдай 2014 жылы қалыптаса бастағанын айтты.

Дәл сол кезде, Қырымды басып алу кезінде Ресейдің халықаралық құқықтық жүйеге шабуылы басталды. Бірақ Ресейдің жерді басқа халықтан ұрлау, қарсыласатын адамдарды басқа жерге қашуға мәжбүрлеу, жалпы ұлттың тағдырын бұзу сияқты әрекеттерін халықаралық қауымдастық ешқашан қабылдамайды. Барлық мемлекет үшін егемендікті, аумақтық тұтастықты, өз болашағын өз бетінше анықтау құқығын қорғау бірдей құнды. БҰҰ Жарғысы осыған негізделген, – деді Зеленский.

БРИКС САММИТІ

Ол "бүгін тек бір Қазанда ғана емес, бүкіл әлемде БҰҰ күні" деп қосты.

2008 жылы Ресей президенті Владимир Путин "Қырым даулы аймақ емес. Ресей Украинаның қазіргі шекарасын мойындайды" деді. Ал 2014 жылы Қырымды өздеріне қосып алды. 2022 жылы Украинаға қарсы аумақтық шағым түсіріп, ауқымды соғыс бастады.

Бұл күндері Ресейдің Қазан қаласында БРИКС саммиті өтіп жатыр. Оған БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш те келді.

Өткен жылғы БРИКС саммиті Оңтүстік Африкада өтті. Ресей президенті Владимир Путин қатысқан жоқ. Себебі Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотта, егер ол осы сотқа мүше мемлекетке баратын болса, оны қамауға алу туралы бұйрық бар. 

БРИКС құрамына тоғыз ел кіреді – Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы, Египет, Эфиопия, Иран және Біріккен Араб Әмірліктері.

Бүгін осы саммитке қатысқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қатысты Қазақстанның ұстанымын жеткізді.