Жер шарының қарт тұрғыны Элизабет Фрэнсис 115 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АЛКОГОЛЬ ІШПЕГЕН, ТЕМЕКІ ТАРТПАҒАН
Longeviquest басылымының жазуынша, ол АҚШ-тың ең кәрі тұрғыны болып саналады, сондай-ақ әлем бойынша ұзақ өмір сүріп келе жатқан адамдардың үштігінде болған.
Марқұм 1909 жылы дүниеге келген және өмірінің көп бөлігін Хьюстонда өткізген.
Фрэнсис ұзақ өмірдің құпиясы ретінде, жаман әдеттерден аулақ болуды атаған – алкоголь мен темекіні тұтынбаған. Дегенмен тамақтану кезінде қатаң тыйымдарға жүгінбеген, не қаласа, соны жеген.
Ол өмірінің соңына дейін 95 жастағы қызының қолында тұрған.
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАС 100-ДЕН АСҚАН ҚАНША АДАМ ТҰРАДЫ
Айта кетейік, Қазақстанда жасы 100-ден асқан қанша адам тұратыны белгілі болған еді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ең көп өмір сүретіндер елдің оңтүстік өңірінде көбірек. Мәселен, Түркістан облысында 100 және одан жоғары жастағы 64 адам тұрады.
Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша еліміздегі екінші орында ең ірі қаламыздың бірі – Алматы. Қазір Алматы қаласында 100 жастан асқан 48 адам тұрады. Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 38 адам тұрады. Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының тұрғыны – 114 жас, Павлодар облысы – 112 жас, Түркістан облысы – 110 жас кірді, - делінген министрлі кхабарламасында.