×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«6 жасар бала жалғыз қалған»: Астанада пәтер өртенді

«6 жасар бала жалғыз қалған»: Астанада пәтер өртенді
Фото: Getty Images

Астанада пәтерлердің біріндегі өрт көзінде үйде жалғыз қалып қойған 6 жасар баланы көршілері құтқарып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ МӘЛІМДЕМЕСІ

Оқыс оқиға 2024 жылдың 25 қазанында Байқоңыр ауданында Кравцов көшесінің бойындағы көпқабатты пәтерлердің бірінде болған.

112 пультіне Байқоңыр ауданында Кравцов көшесінің бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында пәтер жанып жатқаны, пәтердің ішінде бала бар екені туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлады ТЖМ.

БАЛА ЗАРДАП ШЕККЕН ЖОҚ

Шақыру орнына келген құтқарушылар ТЖМ қызметкерлері келгенге дейін көршілері пәтердің кіреберіс есігін ашып 2018 жылы туған баланы құтқарып алғаның анықтады.

Өрт сөндірушілер 1 шаршы метр алаңда матрас пен линолеумнің жануын жедел түрде сөндірді.

Бала зардап шеккен жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы әкімдігінің аумағынан шыққан қою түтін бейнеленген кадрлар пайда болғанын жазған едік. Сондай-ақ Астанада жатақхана өртеніп, бірнеше адам зардап шеккен еді.

Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, шатыры опырылып түскен. Салдарынан 5 бала қаза тапқан болатын.