×
485.11
523.82
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.11
523.82
5.02

Орбитада 235 тәулік болған SpaceX Crew Dragon кемесі Жерге оралды

Бүгін, 01:30
Орбитада 235 тәулік болған SpaceX Crew Dragon кемесі Жерге оралды
NASA

SpaceX Crew Dragon ғарыш кемесі төрт экипаж мүшесімен бірге Халықаралық ғарыш станциясында рекордтық 235 күннен кейін Жерге аман-есен оралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы NASA және Роскосмос хабарлады.

Бұл сапар Crew Dragon миссияларының ішіндегі ең ұзақ уақытқа созылғаны болды.

NASA астронавтары Мэттью Доминик, Майкл Баррат, Жанетт Эппс, сондай-ақ Роскосмос ғарышкері Александр Гребенкин отырған капсула Пенсакола (Флорида) жағалауындағы Мексика шығанағына тоқтады.

Айта кетерлігі, ауа райының қолайсыздығынан олардың оралуы екі аптадан астам уақытқа кешіктірілген еді.

Бортында экипажы бар капсула өзінің ең ұзақ жеті айлық ғылыми миссиясын аяқтағаннан кейін 8 қазанда қайтып оралады деп жоспарланған болатын. Бірақ соңғы екі аптада NASA және SpaceX мамандары Кариб теңізі мен Мексика шығанағындағы ауа райының күрт нашарлауына байланысты борттың Жерге оралу сапарын кейінге қалдырып отырды.

Олар тек 23 қазан күні ғана оралуға рұқсат алды.

Мексика шығанағына түскен капсуланы іздестіру-құтқару кемелері тез тауып, экипажын бортқа жеткізді. Алғашқы медициналық тексеруден кейін NASA астронавтары Мэттью Доминик, Майкл Баррат, Жанетт Эппс, сондай-ақ Роскосмос ғарышкері Александр Гребенкин тікұшақпен Кеннеди ғарыш орталығына жеткізілді.

Алайда NASA-ның хабарлауынша, экипаж мүшелерінің денсаулығындағы өзгерістерге байланысты астронавтар мен ресейлік ғарышкер ұшақпен Флоридадағы Жүрек орталығына жеткізілген. Олардың үшеуі қайтадан Хьюстондағы NASA-ның Ғарыш орталығына  жіберіліп, тек біреуі ғана қосымша дәрігерлік бақылау жүргізу үшін медициналық мекемеде қалдырылған. Бірақ ол астронавтың кім екені, денсаулығындағы кінараты құпиялық тұрғысынан ашып айтылмады