×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Иран БҰҰ Жарғысына сүйеніп, Израильге қарсы соққа жасауға кірісті

26.10.2024, 20:58
Иран БҰҰ Жарғысына сүйеніп, Израильге қарсы соққа жасауға кірісті
Ашық дереккөзден

Иран Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Жарғысының өзін-өзі қорғау туралы ережелеріне сілтей отырып, Израильге қарсы жауап қайтару құқығын жүзеге асыру ниетін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл мәлімдеме Израиль билігінің Иран аумағына жасаған соққыдан кейін жасалды. Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі Израильдің әрекетін айыптап, бұл шабуылды басқа мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қарсы күш қолдану немесе қорқытуға тыйым салатын халықаралық құқықты өрескел бұзу деп бағалады.

Иран АҚШ пен оның батыстық одақтастары қолдаған Израильдің мұндай әрекеттері Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақсыздандыруға ықпал етіп жатқанына алаңдаушылық білдірді. Тегеран сонымен бірге Израиль мен оның батыс серіктестерін «Палестина халқының геноциді» және «Ливанға қарсы агрессия» үшін айыптап, бұл аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа нұқсан келтіреді деп мәлімдеді.

Шабуыл 26 қазанға қараған түні, Израиль қорғаныс күштері Израильге қарсы шабуылдарға жауап ретінде Ирандағы әскери нысандарға соққы беріп жатқанын айтқан шақта болды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израиль тарабы кейін сәтті деп атаған операцияны жүзеге асыру үшін 100-ден астам ұшақты, оның ішінде F-35 жойғыштарын жұмылдырған.