×
518.14
537.57
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.14
537.57
5.27

Ақтауда сұйытылған газ тапшы: жүргізушілер ұзын-сонар кезекте тұр

27.10.2024, 15:29
Ақтауда сұйытылған газ тапшы: жүргізушілер ұзын-сонар кезекте тұр
Lada.kz

Ақтау тұрғындары жанармай құю бекеттерінде сұйытылған газ тапшылығы туындағанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz порталы Lada.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Жүргізушілер сұйытылған газ проблемасы осы аптада басталғанын хабарлаған.

Жүргізушілер кейбір жанар-жағармай бекеттері мүлде жұмыс істемейді деп мәлім етті. Газ бар жерде жүргізушілер үлкен кезекте тұруға мәжбүр.

Ulysmedia тілшісі жағдайды анықтау үшін уәкілетті органдарға сұрау жіберді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда жылдан жылға сұйытылған газды тұтыну мөлшерінің күрт өскені байқалады. Былтыр ғана елде тұтыну көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға немесе 28% өскен. Мәселен, 2023 жылы ТМД тұтыну көлемі 2,2 млн тоннаны (2022 жылы 1,8 млн тонна) құраған.

Бұған дейін Энергетика министрлігі бұйрықтың жобасын жариялаған болатын, оған сәйкес автогаз құю станциялары үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасына өзгерістер енгізілген.