×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мен бәрін қатты сағындым – Жыланбаев түрмеден жолдаған хатында не жазды

27.10.2024, 16:29
Мен бәрін қатты сағындым – Жыланбаев түрмеден жолдаған хатында не жазды
Ulysmedia коллажы

Қазақстандық құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина әлеуеттік желідегі парақшасында белгілі марафоншы, белсенді Марат Жыланбаевтың түрмеден жолдаған хатын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖЫЛАНБАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Түрмеден жолданған хатында Марат Жыланбаев төртінші рет аштық жариялап, тек су ішкенін жазған. 2023 жылдың 11 қарашасы мен 2024 жылдың 11 қарашасы аралығында 107 күн аштықта болғанын хабарлаған. Белсенді хатында Қазақстанның түрме жүйесін – советтік ГУЛАГ деп атайды. Камераға орналасқан кезде тесіктерден тышқан жүгіріп, бақа секіріп кіретінін, дәретханалар жұмыс істемейтінін, ал одан жағымсыз иіс шығып тұратынын жазған. 

– Мен осында келгенде зектерге менімен сөйлесуге тыйым салынды. Маған екі үрейлі – террорист және экстремист бабы тағылған. Бірде мұнда аспап болып жұмыс істеген Ереке “Маракешпен” (бұл менің лақап атым), яғни менімен сөйлескені үшін жұмыстан шығарылғанын айтты. Мұнда көп адам жұмыс істегісі келеді, бірақ жұмыс орындары аз. Жылыту маусымы кезінде казармада ыстық су бар, бірақ жазда жоқ. Сондықтан зектер өздері ақша жинап,"аристон" сатып алады, – деп жазады ол.

Белсенді сонымен бірге түрмедегілер Ресей телеарналарын көп көретінін, соған иланып қалғанына назар аударады.

2026 жылдың қаңтарында Марат Жыланбаевты түрмеге алып келген кезде жалғыз адам отыратын камераға кіргізген. Себебі белсенді ол кезде аштық жариялаған. Достары оны скайп арқылы шығуды өтініпті, алайда түрме басшылығы тура Марат Жыланбаев сөйлесетін кезде скайптың бұзылып қалғанын айтқан.

Марат Жыланбаев түрмеде отырғанда өзімен екі тұтқын қатаң түрде сөйлескенін, қатаң ескерткенін жазады. Алайда басқа уақытта көргенде олар “біз саған ештеңе істемейміз, бізді сенімен қатаң түрде сөйлес деп басшылық тапсырды, ол бәрін көріп отыр” деп айтқанын да хабарлайды.

Жыланбаев сонымен бірге түрмедегілермен қарым-қатынасы жақсы екенін, бірақ досы жоқ екенін атап өткен. Өзі сол жердегі шеберханада еңбек еткен. Хатында белсенді екі тұтқын өзін басқалардан артық санайтынын, тіпті екеуі кейбір тұтқынды сабайтынын жазады. Ол екі тұтқынның бірі жергілікті тұрғын болған. “Оның түрмеде жиһаз бизнесі болды” деп жазады Марат Жыланбаев. Белсенді олармен кикілжіңге келіп, кейін екеуін басқа түрмеге ауыстырылғанын жазған. 

Марат Жыланбаев одан бөлек түрмеде дүкендегі тауарлар өте қымбат екенін атап өткен. Бір литр “Тассай” суының өзі 1100 теңге екенін, оның өзіне ұзын-сонар кезек тұратынын айтып, түрмеде жағдай нашар екенін ашық жазған.

– Мені қолдайтындардың барлығына көп рахмет айтқым келеді: құқық қорғаушыларға, достарымаа (тек осы жерде мен олардың қайсысы шынымен дос екенін түсіндім) серіктестеріме, туыстарыма, менің қорықпайтын, адал, батыл әрі бірбіткей адвокатым Досқараев Мейіржанға мың алғыс! Адвокат менің кесірімнен бірнеше рет адвокаттық лицензиядан айырыла жаздады. Бірақ ол мені тастаған жоқ! Менің отбасыма: жұбайым, төрт қызым және ұлыма ең үлкен алғысымды айтқым келеді.

Менің кенже қызым Алина мені түрмеге отырғызған кезде 9 жаста еді. Жұбайым ол жабылып қалғанын айттады. Кейбір достарымен енді ойнамайды екен. Менің немерелерім бар, олардың үлкені 2-ші сыныпқа барды. Мен бәрін қатты сағындым, – дейді хатында Марат Жыланбаев.

Биыл 19 тамызда марафоншы, тіркелмеген оппозициялық «Алға, Қазақстан» партиясының жетекшісі Марат Жыланбаев 61 жасқа толды. Туған күнін ол Атбасардағы түрменің тәртіптік изоляторында қарсы алды. 

ЖЫЛАНБАЕВҚА ШЫҚҚАН ҮКІМ 

Еске сала кетейік, биыл қаңтарда Астана қаласының қалалық соты Марат Жыланбаевтың апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарған еді. Ол инстанция Астана қылмыстық істер жөніндегі сотының Марат Жыланбаевты жеті жылға соттаған үкімін күшінде қалдырған. Белсендіге сотта «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты» және «терроризмді қаржыландырды» деген айыптар тағылған. 

Марат Жыланбаев бұған дейін де бірнеше рет аштық жариялаған. Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін оны босатып, оған тағылған айыптарды алып тастауға шақырған .

МАРАТ ЖЫЛАНБАЕВ ЖАЙЛЫ

Марат Жыланбаев – қазақстандық марафоншы, тіркелмеген "Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясының төрағасы. Ол әлемдегі ең үлкен шөлдермен жүгірген жалғыз адам. 

Ол 1963 жылы 19 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген. Жер шарының ең ірі шөлдері – Азия, Африка, Австралия және Америкада жүгірген жалғыз адам. Оның әрбір жүгірісі кем дегенде 1200 км құрады. Халықаралық ультрамарафон жарыстарының жеңімпазы және жүлдегері. Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген 7 әлемдік рекордтың иесі.